Басты бет / Жаңалықтар /
аэропорт, саяхат, мигрант, шетел азаматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақстанда шетел азаматтарына ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанға уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібіне өзгеріс енгізу ұсынылды. Жаңа талап олардың ел аумағында заңды түрде жүргенін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жоба құқықтық актілер тізбесінің 81-тармағына сәйкес әзірленген. Құжатта шетелдіктерге ЖСН беру немесе бұрынғы мәліметтерін өзгерту кезінде Қазақстанда заңды болу мәртебесін тексеру көзделген.

Жаңа талап не үшін енгізіледі?

Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыру. Осылайша, ЖСН беру немесе ондағы деректерді өзгерту барысында өтініш берушінің Қазақстанда заңды жүргені ескеріледі.

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталындағы хабарламада жобаның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары болмайтыны көрсетілген.

Бұл жобаның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыда ешқандай салдары жоқ, – делінген хабарламада.

Жоба ұсыныс сатысында болғандықтан, өзгерістің күшіне ену мерзімі туралы ақпарат хабарламада көрсетілмеген.

Еске салайық, биылғы 25 тамызда Қазақстанмен визасыз режим орнаған елдердің азаматтары елімізге кіруге арналған электрон рұқсатты (QazETA) енгізу туралы шешім күшіне енді. Жүйе 1 қарашаға дейін сынақ режимінде істейді. Енді шетел азаматтарына QazETA алу міндетті, бұл құжатсыз келесі жолы шекарадан өте алмайды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?