Басты бет / Жаңалықтар /
Ермек Көшербаев
Ермек Көшербаев. Фото: Тengrinews.kz

Экс-министр Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі етіп тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Ермек Көшербаев кім?

Ермек Көшербаев 1965 жылы туған. 1988 жылы Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы КСРО сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әр жылдары дипломатиялық қызметте, президент әкімшілігінде, үкіметте және ұлттық компанияларда жұмыс істеді.

Бұған дейін қандай қызметтер атқарды?

Ермек Көшербаев 2010–2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2012–2014 жылдары бірінші орынбасары болды. 2014–2016 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

2019 жылы сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі болды. Кейін Шығыс Қазақстан облысын басқарды.

2025 жылғы ақпанда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың 26 қыркүйегінен бастап Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

2026 жылғы тамызда үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты министр міндетін уақытша атқарды. Енді ол Қазақстанның Аустриядағы елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметіне кіріседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?