Басты бет / Жаңалықтар /
Электр энергиясы
Фото: Weldon.polfirms.kz

Қазақстанда 17 мың шақырымнан астам электр желісі жөнделді

Қазақстанда күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Ақмола облысында ауқымды жөндеу жүргізілді

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының ең ауқымды бөлігі Ақмола облысында атқарылған. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді. Ал Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті, — делінген хабарамада.

Энергетикалық нысандар бақылауда болады

Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезінде электр энергетикасы нысандарының жұмысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Алматыдағы жекеменшік электр желілерінің 80%-ы тозған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?