Басты бет / Жаңалықтар /
Сыртқы істер министрлігі
Фото: Sputniknews.kz

Сауд Арабиясында жүрген Қазақстан азаматтарына маңызды ескерту жарияланды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты осы елде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомство Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын күшейтіп, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға шақырды.

СІМ азаматтарға аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды және рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылауды ұсынады. Сонымен қатар адам көп жиналатын орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болып, шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруға кеңес берді.

Қазақстан азаматтары қайда хабарласа алады?

Төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстан азаматтары еліміздің Әр-Риядтағы елшілігіне немесе Жиддадағы бас консулдығына хабарласа алады.

Жедел байланыс телефондары:

  • Әр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77;
  • Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарды ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін тұрақты бақылап отыруға шақырды.

Сауд Арабиясының әуежайына шабуыл жасалған

Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясының астанасы Әр-Риядтағы әуежайға 10 және 11 қазанда шабуыл жасалғаны хабарланған. Шабуылдан 12 адам қаза болып, 309 адам жараланды. Шабуылдарға жауапкершілікті Йемен хуситтері өз мойнына алған.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?