Басты бет / Жаңалықтар /
VietJet Air, рейс, ұшақ
Фото: VietJet Air

Енді Виетнамнан Алматы арқылы Прагаға ұшуға болады

2026 жылғы 10 қазанда VietJet Air виетнамдық әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты. Airbus A330 ұшақтары бұл бағытта аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласының туризм басқармасының мәліметінше, жаңа бағыттың ерекшелігі – әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының берілуі. Оның арқасында жолаушылар Ханойдан Прагаға дейінгі толық бағытпен қатар, Алматы мен Прага арасында да жеке ұша алады.

Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға қатынас кеңейеді

Жаңа рейс Алматының халықаралық әуе байланысын кеңейтіп, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін саяхатшылар үшін қаланың көліктік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бағыт келу туризмін дамытуға қосымша серпін беріп, шетелдік туристер ағынын көбейтуге ықпал етуі мүмкін.

Вьетнамнан келетін туристер саны артқан

Алматы қаласының туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қалаға келген Виетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20% өскен.

Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Виетнам арасындағы туристік байланысты нығайтуға және Алматының виетнамдық саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Baribar.kz Қазақстаннан шетелге қатынайтын жаңа әуе рейстері туралы жазған еді. Атап айтқанда, Алматы мен Астанадан Оманға, Эр-Риядқа, Чунцинге, Бәңкоңға және Токиоға қатынайтын рейстер туралы материалдар жариялады.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?