Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Енді мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жарлыққа 12 қазанда Қазақстан Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен өткізілген консультациялардан кейін қол қойылған.
Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
Бұған дейін президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін премьер-министр және құрылтай төрағасымен талқылағаны хабарланған еді.
Ақорданың мәліметінше, енді орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға, сонымен қатар оны дайындау мен өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыруға тиіс.
Жарлық қашан күшіне енеді?
Мемлекет басшысы қол қойған құжат жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді, – деп хабарлады Ақорда.