Басты бет / Жаңалықтар /
Салық, налог, экономика, тұрғын үй, ақша
Фото: ЖИ

Қазан айының соңына дейін төленуге тиіс салық пен төлем мерзімі белгілі болды

Қазан айында Қазақстан тұрғындары бірнеше салық есебін тапсырып, міндетті төлемдерді аударуға тиіс. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

15 қазанға дейін не тапсыру керек?

15 қазанға дейін 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз бойынша декларацияның 400.00 нысанын тапсыру қажет.

Осы күнге дейін тағы екі төлемді орындау керек:

  • 2026 жылғы қыркүйек айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі (АСР) бойынша жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 2026 жылғы III тоқсанға ағашты түбірімен кесіп дайындау кезінде орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

20 қазанға дейінгі міндеттемелер

20 қазанға дейін салық төлеушілер бірнеше есеп нысанын тапсыруға тиіс:

  • 328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
  • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлем сомаларының есебі;
  • 870.00 нысаны – қоршаған ортаға кері әсерін тигізгені үшін төлемақы бойынша декларация.

Бұл күнге дейінгі төлемдер қатарына Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінен импорт бойынша қосылған құн салығы (ҚҚС), импортты қоса алғанда акциз, қоршаған ортаға кері әсерін тигізгені үшін төлемақы, III тоқсан үшін орман және өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы кіреді.

27 қазанға дейін қандай төлемдер төленуге тиіс?

27 қазанға дейін бірқатар ай сайынғы салықтар мен міндетті төлемдерді аудару қажет. Олардың қатарында:

  • корпоратив табыс салығы (КТС) бойынша аванс төлемдері;
  • төлемнен ұсталған КТС және ЖТС;
  • бейрезиденттер табысынан ұсталған КТС және ЖТС;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
  • әлеуметтік салық;
  • жер учаскелерін және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы;
  • бірыңғай төлем;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар (ӘА) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша аударымдар мен жарналар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Baribar.kz салық төлеуге қатысты бірнеше маңызды тақырыпты түсіндірген еді. Атап айтқанда, жұмыс беруші мен қызметкердің салық міндеттемелері, пәтер сатқан кезде төленетін салық және мобайл аударымдарға қатысты салық бақылауы туралы материалдар жарияланды.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?