Қазақстанға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада ресми түрде қарсы алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Салтанатты рәсімге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Мәртебелі меймандардың құрметіне әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда резиденциясының алдынан ұшып өтті.

Ақорданың хабарлауынша, рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады, – делінген Ақорда хабарламасында.
Бельгия королі мен патшайымының Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ресми кездесулер мен келіссөздер аясында жалғасады.