AI-SANA жобаларының көрмесінде Astana IT University студенттері жүрек қызметін талдауға арналған CardioScan интеллектуал платформасын таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жоба электрокардиограмма (ЭКГ) деректерін жасанды интеллект көмегімен талдауға бағытталған.
CardioScan жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ықтимал патологияларды анықтайды. Платформа портатив ЭКГ құрылғысы мен мобайл қосымшасын біріктіреді.
Қосымша жүрек сигналын көрсетіп, оған алдын ала талдау жүргізеді. Жүйе дәрігер қарауына арналған есепті автоматты түрде құрастырады. Бұдан бөлек, жүйеге бұрын түсірілген ЭКГ суретін жүктеп, оны талдауға болады.
Жоба AI-SANA бағдарламасының үшінші кезеңі аясында әзірленген жасанды интеллект шешімдерінің бірі ретінде ұсынылды. Көрмеге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өз жобаларын таныстырды.
Тағы оқыңыз:
AI-Sana: Қазақстан жасанды интеллект мамандарын қалай даярлап жатыр?