Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, смартфон, ғаламтор, интернет, ұялы байланыс, мобайл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақстанда IMEI-кодты верификациялауға өтінім беру тәртібі жеңілдетілді

Қазақстан тұрғындары ұялы телефонның IMEI-кодын верификациялауға өтінімді eGov Mobile қосымшасы немесе арнайы портал арқылы бере алады. Енді қажет құжаттарды басқа ресурстардан өз бетінше жинаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

eGov Mobile арқылы қалай өтінім беруге болады?

Қажет мәліметтер, соның ішінде мемлекет шекарасын кесіп өту туралы мәлімет мемлекеттік ақпарат жүйелерінің интеграциясы арқылы автоматты түрде алынады.

IMEI-кодты верификациялау үшін eGov Mobile қосымшасында мына қадамдарды орындау қажет:

  1. Қосымшаға авторизациядан өту.
  2. Басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «IMEI-ді верификациялауға өтінім» қызметін таңдау.
  3. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру. Келіспеген жағдайда 1414 қысқа нөмірінен келген SMS-хабарлама арқылы бас тартуға болады.
  4. eGov (Digital ID) сервисі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту.
  5. Жүйені пайдалану шарттарымен танысып, өтінімнің қажет нұсқаларын таңдау.

Өтінімді portal.imei.gov.kz порталы арқылы да беруге болады.

Бейнесәйкестендіру міндетті

Жеке деректерді қосымша қорғау үшін өтінім беруші міндетті түрде бейнесәйкестендіруден өтуі керек.

Осылайша, қажет ақпарат мемлекет жүйелері арқылы автоматты түрде алынып, өтінім берушілерге қосымша құжаттарды өз бетінше жинаудың қажеті болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Baribar.kz мектеп оқушыларының смартфон қолдану тәртібі мен телефонның балаларға әсері туралы жазған еді.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?