Басты бет / Жаңалықтар /
Apple
Фото: Lifehacker.ru

iMac G4 стиліндегі жаңа гаджет: Apple 13 қазанда не таныстырмақ?

13 қазанда Apple компаниясының жаңа таныстырылымы өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қандай құрылғылар таныстырылуы мүмкін?

Компания іс-шараның нақты мазмұнын ашып айтпағанымен, инсайдерлер бірнеше ақылды үй құрылғысының тұсаукесері өтеді деп болжап отыр.

Ең басты жаңалықтардың бірі — ақылды үйді басқаратын Home Hub құрылғысы. Ол iPad планшеті мен HomePod ақылды колонкасының мүмкіндіктерін біріктіретін, 6 дюймдік экраны бар құрылғы болмақ.

Home Hub бүкіл отбасыға арналған басқару орталығы ретінде жасалған. Оның көмегімен FaceTime арқылы қоңырау шалуға, бейне көруге, ауа райын, жаңалықтарды және күнтізбені бақылауға болады. Құрылғыны дауыспен және Siri AI көмекшісі арқылы басқару көзделген.

Инсайдерлердің мәліметінше, құрылғының қабырғаға орнатылатын және үстелге қойылатын екі нұсқасы ұсынылуы мүмкін. Кейінгісі дизайны жағынан iMac G4 компьютеріне ұқсайды деп болжанып отыр. Болжамды бағасы — шамамен 350 доллар.

HomePod mini мен Apple TV 4K жаңаруы мүмкін

Таныстырылымда HomePod mini ақылды колонкасының жаңартылған нұсқасы да көрсетілуі ықтимал. Ол жаңа түстермен, Wi-Fi және Bluetooth байланысын жақсартуға арналған N1 желі чипімен және Siri AI жүйесін қолдайтын қуаттырақ S сериялы процессормен жабдықталуы мүмкін.

Apple TV 4K құрылғысының жаңа буыны таныстырылуы мүмкін деген болжам бар. Жаңа модель A19 немесе A19 Pro чипсетімен, көлемі артқан жедел жадпен және жетілдірілген Siri Remote пультімен шығады деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, OLED экраны, жылдамырақ процессоры және ылғалдан қорғанысы күшейтілген iPad mini нұсқасының таныстырылуы да жоққа шығарылмайды.

Apple әзірге аталған құрылғылардың таныстырылымда көрсетілетінін ресми түрде растаған жоқ.

Іс-шараның тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Baribar.kz Apple компаниясының жаңа функциялары мен Қазақстандағы iPhone 18 дің бағасы туралы жазған

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?