HONOR технологиялық компаниясы күрделі жағдайларда пайдалануға арналған жаңа HONOR X9e Pro смартфонын таныстырды. Құрылғы 11 000 мА·сағ аккумуляторымен, 108 Мп негізгі камерасымен, жасанды интеллект функцияларымен және соққыға төзімді конструкциясымен ерекшеленеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстанда смартфонның сатылымы 2026 жылғы 9 қазанда басталды.
3 метр биіктіктен құлауға төзімді
Компанияның хабарлауынша, смартфон 3 метрге дейінгі биіктіктен құлауға төзімділікке есептелген. Сонымен қатар құрылғы SGS Premium Performance 5-Star рейтиңіне ие болған. Смартфон IP69K стандарты бойынша қорғаныспен жабдықталған. Өндіруші оның су әсеріне қатысты зертханалық сынақтардан өткенін де атап өтті. Бұған қоса, су астында фото және видео түсіруге арналған арнайы режим қарастырылған.
Аккумуляторы 11 000 мА·сағ, камерасы 108 Мп
Жаңа смартфонның негізгі ерекшеліктерінің бірі – сыйымдылығы 11 000 мА·сағ аккумуляторы. Компанияның дерегінше, белгілі бір аралас пайдалану сценарийінде құрылғының қуаты үш күнге дейін жетуі мүмкін. HONOR X9e Pro 80 Вт қуаттағы HONOR SuperCharge жылдам зарядтау технологиясын қолдайды. Сонымен қатар 27 Вт қуаттағы сымды кері зарядтау функциясы бар. Оның көмегімен үйлесімді құрылғылар мен аксессуарларды зарядтауға болады.

Құрылғы 6,8 дюймдік, 1.5K ажыратымдылығы бар дисплеймен жабдықталған. Экранның жаңарту жиілігі 120 Гц-ке дейін жетеді. Өндіруші мәліметінше, ең жоғары жарықтығы 10 000 нитке дейін барады. Сонымен қатар қараңғыда пайдалануға арналған 1 ниттік ультра төмен жарықтық режимі қарастырылған.
Қазақстандағы бағасы мен сатылымы
HONOR X9e Pro төрт түсте ұсынылады: күлгін, терракота, алтын түсті және графит түсті. Қазақстанда смартфонды Kaspi.kz платформасындағы HONOR Authorized Store дүкенінен, сонымен бірге Mechta, Sulpak, Technodom және Evrika сауда желілерінен сатып алуға болады. Жеңілдікті бастапқы бағасы – 279 990 теңге.
Арнайы ұсыныс аясында смартфон сатып алғандарға HONOR CHOICE Headphones Lite құлаққаптары сыйлыққа беріледі. Trade-in бағдарламасы бойынша 40 000 теңгеге дейінгі тиімдік қарастырылған.