Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбай жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт алаңға шықпағаннан кейін ойынға қайта оралды. Ол Англиядағы «Уотфорд» пен «Бернли» арасындағы кездесуде қосалқы құрамнан алаңға қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Матчтан кейін футболшы Instagram-парақшасында кездесуден түсірілген суреттерді жариялады. Фотолардың бірінде трибунада Қазақстанның көк туын ұстап, отандасымызға қолдау көрсеткен жанкүйерлерді көруге болады.
«Қолдауларыңызға рақмет, Қазақ елі!»
Дастан Сәтбай әлеуметтік желідегі жазбасында жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
Қолдауларыңызға рақмет, Қазақ елі! Up the Clarets, we keep going! – деп жазды футболшы.
Ағылшын тіліндегі жазбасында ол «Бернли» клубына қолдау білдіріп, командасымен бірге алға қарай ұмтыла беретінін жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram