АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік органдарға «жасанды интеллект» терминінің орнына «супер интеллект» атауын қолдануды тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақ үйде Дональд Трамп пен ірі технология компанияларының басшылары жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты ерікті келісімге қол қойды. Кездесуге OpenAI, Anthropic, Meta, Google және Nvidia компанияларының өкілдері қатысты.
Келісім бойынша, компаниялар жасанды интеллект жүйелерінің жұмысын тәуелсіз аудиторлар арқылы бағалауға және олардың техникалық жүйелерге рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдауға келісті.
Трамп жасанды интеллект құралдарының қауіпсіздігін қадағалайтын он адамнан тұратын кеңес құру мүмкіндігін де қарастырып жатқанын айтты. Ол деректер орталықтарының құрылысын кеңейтуді қолдайтынын да жеткізді.
Reuters/Ipsos сауалнамасына сәйкес, 17–20 қыркүйек аралығында сауалнамаға қатысқандардың 73%-ы жасанды интеллект компаниялары технологияның қоғамға зиян келтіруінің алдын алу үшін жеткілікті шара қабылдамағанына алаңдайтынын айтқан. Ал 55%-ы жасанды интеллектіні дамытуды баяулату дұрыс шешім деп есептеген.
Тағы оқыңыз:
Жасанды интеллект пен су тапшылығы арасында қандай байланыс бар?
Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен қандай мамандықтарды меңгеруге болады?