Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кездесуде тараптар екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын атап өтті.
Король Филипп Тоқаевқа алғыс айтты
Бельгия королі Филипп Қазақстанда көрсетілген қонақжайлық үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. Сонымен қатар ертең жоғары деңгейде өтетін келіссөздердің нәтижелі болатынына сенім білдірді.
Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, – деді Король Филипп.
Король мен патшайымның Қазақстанға үш күндік сапары аясында екіжақты байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға басымдық беріледі.