Актер Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықованың қарым-қатынасы әлеуметтік желіде қайта талқыланып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат, – деп жазды актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сырға салу видеосы әлеуметтік желіде тарады
Демалыс күндері әлеуметтік желіде Дариға Бадықоваға сырға салып жатқан видео жарияланған еді. Кейін видео өшіріліп кеткенімен, актрисаның жаңа жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды.
Алайда Олжас Абай мен Дариға Бадықованың ресми түрде некеге тұрғаны туралы ақпаратты олардың осы жазбаларының өзінен нақты растау мүмкін емес.
Дариға Бадықованың бұрынғы отбасына қатысты дау
Еске салайық, 2025 жылғы күзде Дариға Бадықова экс-күйеуі Дархан Мұсаевпен ажырасқанын мәлімдеген еді.
Сол кезде Мұсаев актрисаның «Таптым-ау сені» фильмінен кейін картинадағы басты рөлді сомдаған Олжас Абаймен көңіл жарастырғанын айтып, сұхбат берген. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланып, Мұсаевтың өзі де сынға ұшырады.
Кейін Дариға Бадықова ауқымды сұхбат бергенін, алайда оны жарияламайтынын айтып, жағдайға қатысты әңгімені тоқтатуға тырысқан еді.