12 қазанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, бірнеше облыста өрт шығу қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.
Қай өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді?
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы жерлерде тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, таулы жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Таразда да жаңбыр жауып, күндіз найзағай болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласуы ықтимал. Найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз жел күшейеді. Облыстардың бірқатар аумағында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Көкшетау мен Петропавлда да қолайсыз ауа райы болжанып отыр.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Семей және Орал қалаларында да тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында күндіз шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Ақтауда желдің жылдамдығы 15–18 м/с-қа жетуі мүмкін. Облыстың батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қай облыстарда өрт қаупі жоғары?
«Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар өңірде өрт шығу қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында өрт қаупі өте жоғары. Өңірдің солтүстігі мен орталығында қауіп деңгейі жоғары болады. Қызылорда қаласында да өрт шығу қаупі өте жоғары деп бағаланып отыр.
Ақтөбе облысының шығысында өрт қаупі жоғары болса, батысы, оңтүстігі мен орталығында өте жоғары деңгейде сақталады. Атырау облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде өте жоғары болады. Атырау қаласында да қауіп деңгейі өте жоғары.
Ұлытау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі өте жоғары. Жезқазған қаласында да осындай қауіп бар. Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында және Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 12 қазанда тұрғындарға ауа райының өзгеруін ескеріп, қатты жел мен найзағай кезінде сақтық шараларын ұстану қажет.