Басты бет / Жаңалықтар /
Рэнди Цукерберг
Фото: Andrew Kelly

Марк Цукербергтің әпкесі Алматыға келеді

15 қазанда Алматыда өтетін BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына Meta компаниясының негізін қалаушылардың бірі Марк Цукербергтің әпкесі Рэнди Цукерберг қатысады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Халықаралық әйелдер форумы Республика сарайында өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Этикалық күш» (Ethical Power). Форумға әлемнің 20 елінен 100-ден астам спикер жиналады.

Рэнди Цукерберг – кәсіпкер, Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы. Ол Facebook компаниясында маркетинг бағытын дамытуға және Facebook Live жобасының қалыптасуына үлес қосқан. Кейін жеке жобаларын қолға алып, технология, медиа және цифрлық мәдениет салаларында жұмысын жалғастырды.

Форум бағдарламасында жасанды интеллект, әйелдердің экономикадағы рөлі, кәсіпкерлік, медиа, білім және әлеуметтік өзгерістер тақырыптары талқыланады. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өз салаларындағы жетістіктері мен бастамалары туралы әңгімелейді.

BE WOMAN форумы алғаш рет 2024 жылы ұйымдастырылған. Биыл халықаралық іс-шара үшінші рет өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?