Басты бет / Жаңалықтар /
кофе, күз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Денсаулық сақтау министрлігі ыстық шай мен кофеге қатысты зерттеу жариялады

Күнделікті ішіп жүрген шай мен кофе температурасы өңеш обырының даму қаупіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Зерттеу барысында бір миллионға жуық адамның деректері талданған. Нәтижелер сусынның мөлшерімен қатар, оның қаншалық ыстық екені де маңызды екенін көрсеткен.

Ғалымдардың мәліметінше, өте ыстық сусын ішетін адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндермен салыстырғанда үш еседен астам жоғары болған.

Күніне алты немесе одан да көп кесе ыстық сусын ішу обырдың осы түрінің даму қаупінің 71%-ға артуымен байланысты болған. Ал шай мен кофені тұтынудың арасында айтарлықтай айырмашылық анықталмаған. Зерттеушілер негізгі рөлді сусынның жоғары температурасы атқаруы мүмкін деп есептейді. Өйткені ыстық сұйық өңештің шырышты қабығын зақымдауы ықтимал.

Шай мен кофеден бас тарту керек пе?

Мамандардың мәліметінше, сүйікті сусыннан толық бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы – оның сәл салқындағанын күтіп, ауызды күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеу.

Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпарат күнделікті әдеттерге назар аударудың маңызын көрсетеді. Кейде денсаулықты сақтау үшін сусынның өзін өзгертпей-ақ, оны ішу температурасын бақылау жеткілікті болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Американо, эспрессо, капучино: кофенің қай түрі денсаулыққа пайдалы?

Кофе мен шайды тамақпен бірге ішуге бола ма? Ғалымдар ескертуі

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?