Қазақстанға турист ретінде келген Германия азаматтары елде болу мерзімін өткізіп алғандықтан, Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүгінген. Шетел азаматтарына полицейлер көмектесіп, мәселесін шешіп берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Полицейлер шетел азаматтарына елден шығу визасын рәсімдеу үшін қажет құжаттарды қалпына келтіруге көметескен. Көші-қон қызметінің мамандары барлық құжатты бір тәулік ішінде рәсімдеп, шығу визасын дайындаған. Көрсетілген жедел көмекке риза болған Германия азаматтары Қазақстан полициясына алғыс білдірді.
Атырау облысының көші-қон қызметі шетел азаматтарының өтінішін жедел қарауға және заң аясында мемлекеттік қызметтер көрсетуге басымдық беретінін атап өтті.