Басты бет / Жаңалықтар /
трасса, жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Атырауда полиция тоқтатқан жүргізуші бес сағаттан соң жол апатына түскен

Атырау облысында 166 км/сағ жылдамдықпен жүргені үшін полиция тоқтатқан жүргізуші бес сағаттан кейін жол апатына ұшырады. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, 9 қазанда Атырау – Ақтөбе тасжолының 565-шақырымында Jetour X70 және Toyota Hilux көліктері соқтығысқан.

Осы оқиғадан бес сағат бұрын «Оракул-Инсайт» жүйесі Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 715-шақырымында Jetour X70 көлігінің сағатына 166 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанын тіркеген. Патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүйе анықтаған заңсыздық бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеген.

Полицейлер жүргізушіге жол ережесін сақтау, белгіленген жылдамдықты асырмау және өзге де жүргізушілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керек екенін түсіндірген.

Жүргізуші мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берген. Алайда бес сағаттан кейін оның көлігі жол апатына түсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?