11-14 қазанда Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келеді. Мемлекеттік кездесу Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшысы король Филипп пен патшайым Матильдамен бірге «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Сонымен қатар екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтеді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірнеше құжатқа қол қояды.