Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, ауа райы, ауа сапасы, ғимараттар
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда демалыс күндері екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда 10-11 қазанда Абылай хан даңғылы мен Брусиловский көшесінің кей бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеудің бірі LRT құрылысына, екіншісі жөндеуге байланысты енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Бұл учаскеде LRT жобасы аясында құрылыс жүреді.

Сонымен қатар 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін Брусиловский көшесінің Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Мұнда жол жөндеу жоспарланған.

Әкімдік жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аударуды ескертті. Сонымен бірге жөндеу мерзімі ауа райы мен жұмыс барысына әсер ететін басқа да жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?