Air Astana әуе компаниясы Оманға екі жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстер ұшыра бастайды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, биылғы 23 қазаннан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (сенбі күндері) Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен ұшады..
Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы ұшақ ұшырады.
Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саид келіссөз жүргізген еді. Кездесуде Қазақстан мен Оман тікелей әуе рейсін арттыратыны хабарланған.