Басты бет / Жаңалықтар /
Көше, Алматы, жол, көлік, кептеліс, қыс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Астанада халықаралық іс-шара өтетіндіктен, 10-14 қазан аралығында көлік қозғалысы шектеледі

Астанада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шара өтетіндіктен, 10-14 қазан аралығында көшелердің кейбір бөлігінде көлік жүруіне уақытша шектеу қойылады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өтетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?