Басты бет / Жаңалықтар /
тиын
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк құрамында сирек кездесетін металл бар ерекше тиын шығарады

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналымға шығарады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Коллекциялық монеталар 2026 жылғы 12 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатылады: https://kazcoins.nationalbank.kz

Ниобий – сирек кездесетін металл, атом нөмірі – 41. Ол металлургияда, электроникада және аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Тиын атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталған.

925 сынамалы күмістен жасалған тиынға ниобий орнатылған. Салмағы – 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы – 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?