Басты бет / Жаңалықтар /
ed28fb629f945ca3d739c2a42633feea Отбасы банк ипотеканы қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатты
Фото: Отбасы банк

Отбасы банк ипотеканы қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатты

Отбасы банк басқа банктерден алынған ипотека несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Уақытша тоқтау себебі

Қарыз беру 2026 жылғы 23 қазанды қоса алғанға дейін тоқтатылады.

1 қазаннан бастап басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы несиелерді қайта қаржыландыруға қойылатын талаптар өзгерген. Енді жаңа қарыз бұрынғы несиені өтеу үшін рәсімделсе, банк қарыз алушының ақшаны бұрынғы кредиторға тікелей аударуға келісімін алуы керек.

Бұл өзгеріс «Отбасы банктің» қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатуына себеп болуы мүмкін. Дегенмен банктің өзі үзілістің нақты себебін түсіндірмеген.

Өтінім беруге бола ма?

Иә, өтінім қабылдау және құжаттарды қарау жалғасады. Бірақ уақытша шектеу кезінде мақұлданған өтінімдер бойынша ақша берілмейді.

Банк қайта қаржыландыру қызметін қашан қайта бастайтынын қосымша хабарлайтынын мәлімдеген.

Қайта қаржыландыру деген не?

Қайта қаржыландыру — қолданыстағы несиені бір банктен екінші банкке ауыстыру.

Мысалы, адамның басқа банкте 20 млн теңге ипотекалық қарызы бар делік. Ол ескі несиесін жабу үшін «Отбасы банкке» жаңа қарыз алуға өтініш береді.

Өтініш мақұлданса, «Отбасы банк» ақшаны қарыз алушының өзіне емес, бұрынғы несие берген банкке тікелей аударады. Осылайша, ескі ипотека жабылып, қарыз алушы жаңа несиесін «Отбасы банкке» төлей бастайды.

Тағы оқыңыз:

Ипотека рәсімдеу қанша тұрады? Бағалау, нотариус, сақтандыру және басқа шығындар

Ипотека бермей жатса, кепілгердің көмегі қандай?

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?