Ақмола облысының Целиноград ауданында зейнет жасына толғаннан, жұмыстан босатылған 68 азаматтың еңбек құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Зейнеткерлеге жалпы сомасы 11 млн теңге көлемінде өтемақы төленді.
Ақмола облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізген талдау барысында білім беру саласында зейнет жасына жеткен қызметкер құқықтары бұзылғанын анықтады.
Атап айтқанда, еңбек шарты зейнет жасына толуына байланысты тоқтатылған бірқатар қызметкерге заңда көзделген өтемақы толық төленбеген.
Тағы оқыңыз:
Зейнетақы мен жәрдемақының 70%-ын пайдалану тәртібі өзгеруі мүмкін