Басты бет / Жаңалықтар /
сквер, парк, демалыс аймағы, ауа райы күз
Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz

2026 жылғы қыркүйек бақылау тарихындағы ең жылысы болды

Қазгидрометтің хабарлауынша, 2026 жылғы қыркүйекте ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 2,38 °C-қа жоғары болды. Ауаның орташа айлық температурасының бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 1957 жылғы қыркүйекте тіркелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ауа температурасы

Қыркүйек айында ел аумағының басым бөлігінде температура ауытқуы 1,5–3,0 °C аралығында болды.

3,0–4,1 °C болған ең жоғары оң ауытқулар негізінен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында, Ақтөбе облысы мен Ұлытау облысының орталық бөліктерінде, Қарағанды облысының солтүстік аудандарында және Абай облысында байқалды, — делінген хабарламада.

Ауаның орташа айлық температурасының ең жоғары оң ауытқуы 4,1 °C болды. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл метеорологиялық станциясында тіркелді.

Жауын-шашын мөлшері

2026 жылғы қыркүйекте жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 8,49 мм-ге төмен болды.

Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік және шығыс өңірлерінің едәуір бөлігінде, батыс өңірлердің жекелеген аудандарында жауын-шашын мөлшері климаттық норманың 30 %-ынан аз, ал кей жерлерде 10 %-ынан аз болды.

Қыркүйек айында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Абай және Жетісу облыстарында орналасқан 23 метеорологиялық станцияда атмосфералық жауын-шашын мүлдем тіркелмеді.

Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі жекелеген аудандарда жауын-шашын мөлшері климаттық норманың 120 %-ынан асты.

Бұл ретте айлық жауын-шашынның ең жоғары мөлшері кей жерлерде климаттық норманың 310 %-ына жетті.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?