Басты бет / Жаңалықтар /
онлайн-казино
Фото: Depositphotos.com

Bingo-37 және Lotoboom. Шымкентте 2 онлайн-казиноның жұмысы тоқтады

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент бойынша департаменті Bingo-37 және Lotoboom онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін тергеуді аяқтады. Екі онлайн-казиноның да жұмысы тоқтады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

ҚМА ақпаратына қарағанда, бұл онлайн-казинолар ойыншыларға WhatsApp-тан құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныс жіберген. Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген және ақша аударуға арналған шот деректемесі жолданған.

Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоты пайдаланылған. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңге болған.

Казиноны ұйымдастырғандар қылмыстық жолмен алынған кіріске 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер және екі жер учаскесі бар, — делінген хабарламада.

Сот үкімімен екі адам төрт жылдан бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Естеріңізге салайық, заңсыз онлайн-казиноны жарнамалаған блогер Қайсар Қамза Қазақстанға жеткізілген еді.

Алматыда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар 110 млн теңге тапқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?