Қазгидромет 9-11 қазан аралығындағы күн райын болжады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
9 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20м/с, екпіні 25м/с болады.
Өскеменде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20м/с, екпіні — 25 м/с.
Семейде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні — 15-20 м/с.
9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысындағы желдің екпіні — 15-20 м/с.
Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні — 15-20 м/с.
9 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысына тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с, күндіз күші — 15-20м/с, облыстың шығысы мен оңтүстігіндегі екпіні — 25 м/с.
Петропавл қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болуы мүмкін.
9 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Павлодар облысында жел батыстан соғады. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар қаласында жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.
9 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысына, солтүстігіне және шығысына тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
9 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы жел екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Жезқазғанда 9 қазанда төтенше өрт шығу қаупі әлі де жоғары.
9 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысына, солтүстігіне тұман түседі. Облыстың шығысында өрт шығу қаупі әлі де жоғары. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында да төтенше өрт шығу қаупі жоғары.
Ақтөбе қаласына 9 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
9 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі әлі жоғары.
Оралға 9 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
9 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысына, оңтүстігіне тұман түседі. Облыс бойынша өрт шығу қапі жоғары, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі жоғары.
Атырау қаласында да төтенше өрт шығу қаупі әлі жоғары.
9 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігіне, батысына, орталығына тұман түседі. Облыс орталығында өрт шығу қаупі әлі жоғары.
Ақтау қаласына түнде және таңертең тұман түседі.
9-11 қазанда Қызылорда облысы бойынша төтенше өрт шығу қаупі жоғары. Ал облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт шығу қаупі әлі де жоғары.
Қызылорда қаласында 9-11 қазанда төтенше өрт шығу қаупі әлі жоғары.
9 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
9 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей кезде 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт шығу қаупі әлі жоғары.