Басты бет / Жаңалықтар /
Дәрі-дәрмек
Фото: Depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар дәріханасында мерзімі өткен дәрілер сатылған

Еліміздің дәріханаларында дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау жүйесі енгеннен кейін бірқатар заңсыздық анықталды. Олардың арасында мерзімі өтіп кеткен препараттарды сату және науқастарға тегін берілуге тиіс дәрілерді де сату фактілері бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің айтуынша, Қазақстанда дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау 2024 жылдың шілдесінен бастап бар. Вице-министрдің мәліметінше, қазір шамамен 1,2 миллиард дәрі қаптамасы таңбаланған. Оның 600 миллионнан астамы айналымнан шығарылған, демек, сатылған.

«Naqty Onim» жүйесі арқылы мерзімі өтіп кеткен дәрілерді де анықтауға болады. Бүгінде 1000-нан астам дәрі сататын мекемелер арасында мерзімі өтіп кеткен препараттарды сатудың 7500 жағдайы тіркелген.

Сонымен қатар таңбалау коды бар дәрі қаптамаларын қайта сатудың 470 мыңнан астам фактісі анықталған.

Әсет Нүсіповтың айтуынша, 2024 жылдың 1 шілдесінен бері жүйе науқастарға тегін берілуге тиіс 26 мыңнан астам дәрі қаптамасын анықтаған. Олардың қаптамасында «Тегін» деген белгі болғанымен, чек бойынша бұл препараттар тұрғындарға ақылы түрде сатылған.

31 ұйымға 12,3 миллион теңге айыппұл салынды. 43 дәріханаға анықталған заңсыздықты жою туралы нұсқама берілді, – дейді вице-министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?