2026 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Канада жазушысы әрі ақын Энн Карсонға берілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Нобель комитеті марапатты оның «классикалық дәстүрмен ойнақы диалог құра отырып, қазіргі әдебиет үшін жаңа формалар жасаған батыл әрі жаңашыл шығармашылығы» үшін табыстады.
Энн Карсон шығармашылық жолында поэзияны аудармамен және түрлі университеттердегі оқытушы қызметімен қатар алып келген.
Нобель сыйлығының ресми мәліметіне сәйкес, оның әдеби шығармаларының басым бөлігі филологтың сөзге деген қызығушылығы мен ақынның жаңа мағына іздеуінің тоғысына негізделген.
Карсонның өзі сөздердің этимологиясын шығармашылығының бастапқы нүктесі ретінде қарастырады.
Нобель комитеті оның еңбектерінде классикалық дәстүрмен байланыс сақталғанымен, қазіргі әдебиетке арналған жаңа көркем формалар қалыптасқанын атап өтті.