Басты бет / Жаңалықтар /
Кадырбека Атамбаев
Фото: Wikipedia.org

Қырғызстанның экс-президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Бішкектің Первомай аудандық соты бұрынғы президенттің ұлы Қадырбек Атамбаев пен Социал-демократтар партиясының өкілдері айыпталып отырған жаппай тәртіпсіздікке дайындық ісі бойынша шешім шығарды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қараша айында Қадырбек Атамбав пен Социал-демократтар партиясының өкілдері, Алмазбек Атамбайұлының бұрынғы күзетшісі Дамир Мұсакеев жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деген күдікпен қамауға алынған. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 10 адамның тұтқындалғанын хабарлаған.

24.kg хабарлауынша, Қадырбек Атамбаев кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Басқа айыпталушылар екі жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың бірі Серікбай Құбаланбек уулу түрмеден босатылып, Қазақстанға жер аударылды.

Қадырбек Атамбав — Қырғызстанның бұрынғы прзиденті Алмазбек Атамбаевтың ұлы. Ол елді 2011-2017 жылдары басқарды.

Былтыр Алмазбек Атамбаевтың 11,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол жерді заңсыз иеленді, заңсыз байыды және 2019 жылғы тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?