Инстасамка Дарья Зотеева Қазақстанның жеті қаласында концерт өткізбекші болған еді. Алайда енді оның концерттері өтпейтін болды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Дарья Зотееваның айтуынша, Қазақстан мен Лондондағы ұйымдастырушылар репер әндерінің мазмұнына орай, оған концерт өткізетін алаң беруден бас тартқан.
Мен шырқайтын, ал сіздер ұнататын материалдармен концерт беретін орын табу өте қиын, — дейді Дарья Зотеева.
Алайда жазба астына пікір жазған Қазақстан жұрты оның концерті өтпейтініне әндерінің қатысы жоқ екенін жазып жатыр. Олар концерттерді қыздың арандатушылық әндерінен емес, саяси көзқарасы үшін болдырмауды талап еткенін айтып жатыр.
Инстасамка бұған дейін «Русские вперед» сияқты мемлекеттік және патриоттық ірі жобалармен серіктес болған.