ҚТЖ темржол маңына мал жайған адамға салынатын айыппұлды екі есе арттыруды ұсынды. Ал малшы бұл әрекетті бір жыл ішінде қайталаса, айыппұл көлемі төрт есе артпақ. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚТЖ әкімдіктермен және көлік полициясымен бірлесіп, жыл басынан бері 34 мыңға жуық адамға түсіндіру жұмысын жүргізген. 378 мал иесі әкімшілік жауапқа тартылған.
ҚТЖ профилактика нәтиже беріп жатқанын хабарлап отыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында пойыздардың мал басу саны 584 дерекке дейін төмендеді (2025 жылдың осы кезеңінде 648 дерек тіркелген).
Алайда жағдай бәрібір күрделі. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап осы құқықты бұзған адамға ескерту жасамай, бірден 5 АЕК айыппұл (биыл бұл — 21 625 тг) қолданылып келеді (қайталанса, 10 АЕК). Қазір ҚТЖ айыппұлды екі есе: адам заңды бірінші рет бұзса, 10 АЕК-ге дейін (43 250 тг), ал бір жыл ішінде қайталаса, 20 АЕК-ге дейін (86 500 тг) арттыруды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
ҚТЖ мал иесінен мал жаю ережесін қатаң сақтауды және малды теміржол жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды.