Басты бет / Жаңалықтар /
топ кәсіпкерлер
Коллаж: Жасанды интеллект

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкер кім?

Forbes Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің рейтиңін жасады. Вячеслав Ким бірінші орынға қайта келіп, осымен 16-рет көш бастап жатыр. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

1. Вячеслав Ким – әртараптандырылған бизнес, 57 жаста

Вячеслав Ким
Фото: Stan.kz

Вячеслав Ким – Kaspi.kz-тің 20,06%-ы үлесі бар акционер және директорлар кеңесінің төрағасы. Кәсіпкер – «Алсеко» АҚ-ның жалғыз иесі. Ким 2026 жылғы тамыз айында өзінің еншілес компаниясы Assets, Logistics & Property Group LLC арқылы Jusan Mobile АҚ-ның 100%-ына иелік ететін JV Holding Ltd. компаниясын сатып алды. 2026 жылғы қыркүйекте Jusan Mobile атауының QMobile болып өзгерді.

Кәсіпкер – Ansa Foundation қорының негізін қалаған, Алатау қаласын дамыту кеңесінің мүшесі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарма мүшесі, Fizmat Endowment Fund негізін қалағандардың бірі және қамқоршылар кеңесінің мүшесі және «Милосердие» ерікті қоғамының қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

2. Болат Өтемұратов – әртараптандырылған бизнес, 68 жаста

 

Болат Өтемұратов
Болат Өтемұратов. Фото: Bulatutemuratov.kz

Болат Өтемұратов – «Верный Капитал» жобаларының негізгі инвесторы. Кәсіпкер активі бойынша Қазақстандағы бесінші ірі банк ForteBank-тің 91,43%-ына иелік етеді, оған Home Credit Bank та тиесілі.

Болат Өтемұратов – Қазақстан теннис федерациясының президенті және Халықаралық теннис федерациясының (ITF) директорлар кеңесінің мүшесі.

Болат Өтемұратовтың «КаР-Тел» ЖШС (Beeline және IZI брендтері), The Ritz-Carlton Astana, Rixos Borovoe және The Carlton Moscow қонақ үйлерінде, Global Development даму компаниясында үлесі бар. Ол — Narxoz университетінің иесі және Болат Өтемұратов қоры арқылы Астана мен Алматыдағы Haileybury мектептерінің акционері болып отыр.

Кәсіпкер 2025 жылы спорт, өнер және мәдениет саласындағы активтердің жаһандық портфолиосын дамыту үшін құрылған MARI халықаралық компаниясына инвестиция салды.

3. Тимур Құлыбаев – әртараптандырылған бизнес, 60 жаста

Тимур Құлыбаев
Фото: Kazenergy.com

Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева «Алмэкс» холдиң тобы арқылы Қазақстандағы ең ірі банк Halyk Bank-тің 61,91%-ына иелік етеді. Ерлі-зайыптының Halyk Bank арқылы Altyn Bank-тің 40%-на үлесі бар.

Тимур Құлыбаев жеке өзі «Кипрос» компаниясын басқарады. Кәссіпкер бұл арқылы Viled Group премиум-ритейлерінде, Emdeu Group медицина компаниясында және «К-Агро-Холдинг» компаниясында үлесі бар. Кейінгісінің активтері арасында «Бахус» және «Иссык» шарап зауыттары бар.

4. Нұрлан Смағұлов – автокөлік саудасы, машина жасау, жылжымайтын мүлікті дамыту, 61 жаста

Нұрлан Смағұлов
Фото: kursiv.media

Нұрлан Смағұлов – Astana Group компаниясының негізін қалаушы әрі иесі. Компания құрамына Astana Motors, MEGA сауда және ойын-сауық орталықтары және Mycar финтех экожүйесі кіреді. Astana Motors автокөлік өндірісі, дистрибуция және дилер желісімен айналысады.

Кәсіпкер Алматыда Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің негізін қалаған. Nurlan Smagulov Foundation қорын құрған және Алматы қаласының құрметті азаматы.

5. Шахмұрат Мүтәліп – құрылыс, металдар, 36 жаста

Шахмұрат Мүтәліп
Фото: 1bol.kz

Шахмұрат Мүтәліп – Integra Construction KZ компаниясының бенефициарлық иесі. 2026 жылы оның Nature Energy Solutions Ltd. компаниясы Eurasian Resources Group (ERG) акцияларының 39,3%-ын сатып алды. Мүтәліп үлесі бар Central Asia Resources Holding Ltd. «АК Алтыналмас» АҚ-ның 100%-ын толық сатып алу келісіміне қол қойды. Кәсіпкер – Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті және Қазақстан бокс федерациясының президенті. Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубына иелік етеді.

Шахмұрат Мүтәліптен кейінгі орында 38 жастағы Тимур Турлов тұр. Ол – Freedom Holding Corp. қаржы-инвестициялық компаниясының негізін қалаушы әрі негізгі акционері, Қазақстанда банк, брокерлік, сақтандыру және басқа да қаржы сервистерін дамытып келеді.

Нұрлан Артықбаев – Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компанияларының басым акционері, Qazaq Kalium және металлургия саласындағы жобаларға қатысады.

Андрей Лаврентьев – Allur Group және Qarmet компанияларын бақылайтын кәсіпкер. Оның бизнесі автокөлік өндірісі, машина жасау және металлургия салаларын қамтиды.

Айдын Рақымбаев – BI Group құрылыс холдиңінің акционері әрі IQanat білім беру жобасының негізін қалаушылардың бірі.

Владимир Ким – KAZ Minerals акционері әрі бақылау кеңесі төрағасы, Bank RBK пен Kazakhmys Copper құрылымдарындағы активтерді бақылайды.

Шухрат Ибрагимов – ERG S.à r.l. басқарушылар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры және «Шұбаркөл Премиум» көмір өндіруші компаниясының иесі.

Бақытбек Байсейітов – Bank CenterCredit-тің директорлар кеңесінің төрағасы әрі негізгі акционері, Orient Invest Group және Green Invest Group компанияларының иесі.

Данияр Әбілғазин – Qazaq Oil, Sinooil және Gas Energy жанармай құю станция желілері үлесіне және бірнеше көлік-логистикалық компанияларға ие кәсіпкер.

Александр Белович – Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Оның бизнесі құрылыс пен жылжымайтын мүлікті дамытуға бағытталған.

Эдуард Огай – Kazakhmys Coal және Kazakhmys Copper компанияларының акционері. Оның активтері тау-кен және энергетика жобаларын қамтиды.

Айдан Кәрібжанов – Visor Kazakhstan арқылы жел энергетикасы саласындағы бірнеше компанияның үлестерін бақылайтын инвестор.

Арманжан Байтасов – Tan Media Group және United Media Group компанияларының тең иесі, телекоммуникация, жарнама технологиялары және жылжымайтын мүлікті дамыту салаларында активтері бар кәсіпкер.

Дінмұхамед Ыдырысов – «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» холдиңін бақылайтын және тау-кен саласында да активтері бар кәсіпкер.

Кудрәт Шамиев – Қазақстандағы ERG активтерін басқаратын «Еуразиялық топ» ЖШС бас директоры әрі Integra Construction KZ бақылау кеңесінің төрағасы.

Қайрат Боранбаев – мейрамхана, өндіріс, фармацевтика, қонақүй және спорт салаларындағы активтері бар кәсіпкер әрі «Қайрат» футбол клубының негізгі иесі.

Олег Новачук – KAZ Minerals халықаралық тау-кен тобы директорлар кеңесінің төрағасы және бірқатар инвестиция активтерінің иесі.

Қанат Көпбаев – Kusto Group акционері әрі басқарушы директоры, құрылыс, құрылыс материалдары және логистика бағыттарын қадағалайды.

Еркін Тәтішев – Kusto Group-тың негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Оның бизнесі жылжымайтын мүлікті дамыту, құрылыс, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және логистика салаларын қамтиды.

Фаррух Махмудов – Orbis Kazakhstan көпсалалы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі басқарма төрағасы, оның құрамында автодилерлік, техника, мұнай сервисі, ауыл шаруашылығы бизнесі және жылжымайтын мүлікті дамыту бағыттары бар.

Сергей Кан – «Қазақ мұнай және газ институтының» иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы, энергетика және өнеркәсіп салаларында активі бар.

Кеңес Рақышев – Fincraft Group холдиңін басқаратын кәсіпкер. Оның активтері мұнай-газ, металлургия және қаржы салаларын қамтиды.

Серікжан Сейітжанов – мұнай өндіру, құрылыс материалдары, химия, қонақүй және тау-кен салаларындағы активтері бар «Онтүстік» көпсалалы тобының негізін қалаушы әрі президенті.

Қайрат Мәжібаев – RG Brands компаниясының бақылаушы акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы.

Берік Қаниев – Lancaster Group акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Оның активтері мұнай сервисі, теңіз айлағы, білім және қонақүй бизнесін қамтиды.

Райымбек Баталов – Raimbek Group холдиңінің иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы, холдиңінің негізгі бағыттары FMCG және ауыл шарушалығы салалары.

Жаңартылды:

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?