ҚазАвтоЖол күн сайын республикалық автожолдардағы күн райына болжап жасап отыр. Бүгін, 8 қазанда Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерге қар түседі. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Осыған орай республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы азайып, жол беті тайғақ болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Жүргізушілерге күн райын ескеріп, алдағы көлікпен қауіпсіз арақашықтық ұстанып, жол жағдайына қарай жылдамдық ұстап отыру және оқыс маневр жасамау ұсынылды.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласып, білуге болады.