Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Шымкентте той үстінде атыс ұйымдастырған азамат ұсталды

Шымкентте туысының үйлену тойынан шыққан 34 жастағы ер адам аспанға бірнеше рет оқ атқан. Ол әкімшілік жауапқа тартылып, бес тәулікке қамалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға қаладағы мейрамхананың бірінің маңында болған. Қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету кезінде полиция қызметкерлері заңсыздықты анықтаған.

Полицияның мәліметінше, ер адам тойдан шыққаннан кейін сигналдық тапаншадан бірнеше рет аспанға оқ атқан. Осы әрекетімен ол айналасындағы адамдарға қауіп төндірген.

Полицияға берген түсініктемесінде ер адам қарудан оқ атқанын туысының үйлену тойын осылай атап өтпек болғанымен түсіндірген.

Сот шешімімен азаматқа бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, оған түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны және қаруды заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?