Басты бет / Жаңалықтар /
ІІМ, полиция, полицей
Фото: ІІМ

ІІМ желіде тараған ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ әлеужеліде тараған ЖСН өзгертуге болады деген ақпаратқа қатысты жауап берді. Министрлік бұл құжат азаматқа бір рет берілетінін және кейін өзгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кейінгі кезде желіде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге болады деген ақпарат тараған.

ІІМ бұл мәліметке байланысты түсініктеме беріп, ЖСН өзгермейтінін нақтылады. Нөмір азаматқа бір рет тағайындалады және заңда көзделген басқа деректер өзгерген жағдайда да сақталады.

Министрлік азаматтардың аты-жөнін және жеке басына қатысты өзге де мәліметтерін белгіленген тәртіппен өзгертуге құқығы бар екенін атап өтті. Ол үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

Алайда аты-жөнінің немесе басқа дербес мәліметтердің өзгеруі азаматтың ЖСН-ін ауыстыруға негіз болмайды.

ІІМ осыған байланысты әлеужеліде тараған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

***

Тағы оқыңыз:

Министрлік шетел азаматына ЖСН рәсімдеуді жеңілдетпек

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?