Басты бет / Жаңалықтар /
dbec9d3c807db31cf7d68615729d1524 Қазақстанда дәрігер қабылдауына жазылу мерзімін қысқарту ұсынылды
Фото: egemen.kz

Қазақстанда дәрігер қабылдауына жазылу мерзімін қысқарту ұсынылды

Қазақстанда азаматтардың дәрігер қабылдауын күту уақытын қысқарту ұсынылды. Депутат жоспарлы медицина көмегіне жазылудың бірыңғай шекті мерзімін бекітуді мәселесін қарастырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құрылтай отырысында депутат Арман Жансеңгіров денсаулық сақтау саласындағы медицина көмегін көрсету тәртібіне қатысты ұсынысын айтты.

Оның айтуынша, қазір емханалар мен ауруханалардағы бейінді мамандар пациентті басқа профильді дәрігерге тікелей жібере алады. Бұл бағытта өзгерістер болғанымен, азаматтар мамандардың қабылдауын ұзақ күту мәселесіне әлі де шағымданып келеді.

Депутат осыған байланысты жоспарлы медицина тексерісіне жазылу үшін бірыңғай ең ұзақ күту мерзімін белгілеуді ұсынды.

Сонымен қатар онкологият ауруына күдік болған жағдайда және балаларға медицина көмегін көрсету кезінде қабылдауды күту мерзімін қысқарту қажет екенін айтты.

Арман Жансеңгіров бейінді дәрігерге тікелей жазылу мүмкіндігін колл-орталық арқылы да ұйымдастыруды ұсынды. Қазір бұл қызмет азаматтың қай емханаға тіркелгеніне байланысты жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, депутат маманға қайта жазылуды науқастың ауруының жалғасуына немесе ем нәтижесіне байланыстыруға болмайтынын айтты. Оның пікірінше, пациенттің дәрігерге қайта қараруалу мүмкіндігі тек ауруы әлі жалғасып жатқан жағдаймен шектелмеуі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?