Тайланд билігі 2027 жылдың басынан туристер үшін арнайы алым енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа төлем елге ұшақпен ұшып келетін саяхатшыларға қатысты болуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Тайланд үкіметі шетел азаматтарынан 450 бат көлемінде туризм алымын алуды жоспарлап отыр. Қазір бұл шамамен 6 мың теңге.
Жаңа талапты 2027 жылдың бірінші тоқсанында енгізу жоспарланды. Алғашында қосымша төлем елге әуе жолы арқылы кіретін шетел азаматтарынан алынады.
Тайланд билігінің есебінше, жаңа төлем бюджетке жыл сайын шамамен 8 миллиард бат (239 миллион доллар) кіріс әкелуі мүмкін.
Қаражаттың бір бөлігі туристердің медицина сақтандыруына жұмсалады. Осылайша мемлекет жыл сайын осы мақсатқа бөлетін шамамен 7 миллиард батты (209 миллион долларды) үнемдеуді жоспарлап отыр.
Қалған қаржы туризм саласындағы инфрақұрылымды дамыту және жаңғыртуға арналған арнайы қорға бағытталады.
***
Тағы оқыңыз: