Басты бет / Жаңалықтар /
тұман, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жаңбыр, тұман. Қазақстанда 8-10 арасында қазанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 8-10 қазанда күн райы қандай болатынын болжады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

8–10 қазан арасында атмосфералық фронтальды бөліктер өтетіндіктен, еліміздің басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығысында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.

Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?