Басты бет / Жаңалықтар /
Wilo, Тоқаев
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Тоқаев Wilo тобының президенті Оливер Гермеспен жасанды интеллект және инфрақұрылым мәселелерін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында Wilo тобының президенті және жаһандық бас директоры Оливер Гермеспен кездесті. Екі тарап су ресурстарын басқару жүйесін тұрақты дамыту үшін жасанды интеллектінің әлеуетін талқылады. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Оливер Гермес Wilo тобының жаһандық WATER-AI стратегиясын таныстырды. Осы стратегия аясында компания су ресурстарын басқару саласындағы цифрлық трансформацияны ілгерілетіп келеді.

Жасанды интеллект су ресурстарын басқарудың болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Біздің тәсіліміз — Embed, Enable, Embrace. Біз жасанды интеллектіні өнімге, жүйеге және шешімдге тікелей енгіземіз. Клиенттер мен серіктестерге осы технологиялардың әлеуетін қолдануға мүмкіндік береміз және инновацияларды белсенді түрде қалыптастыратын корпоративтік мәдениетті дамытамыз, — деді Оливер Гермес.

Ол Wilo тобының Қазақстан нарығының қажетін де қанағаттандыра алатын, су ресурстарын басқаруға арналған интеллектуалды премиум-технологиялардың кешенді портфелі бар екенін айтып өтті.

Қазақстан инфрақұрылымды жаңғыртуға тұрақты түрде инвестиция салып, орнықты даму саласында ауқымды мақсаттарды көздеп отыр. WATER-AI стратегиямыздың арқасында бізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін неғұрлым тиімді, ашық әрі орнықты етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялар бар. Біз бірлескен жобалар мен серіктестіктерді дамыту үшін үлкен әлеует көріп отырмыз, — деді Wilo тобының президенті.

Талқылау сонымен қатар су ресурстарын басқару, цифрландыру, кәсіптік оқыту және тұрақты инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту болашағын да қамтыды.

«Су ресурстары саласындағы сараптаманы жасанды интеллектпен біріктіру экономикалық өсім мен тұрақты дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Wilo Қазақстандағы серіктестерімен бірлесіп осы трансформацияны қалыптастыруға өзінің халықаралық тәжірибесі мен технологиялық сараптамасын ұсынуға дайын», — деп қосты Гермес.

Wilo тобы Берлиндегі Германия экономикасы үйінде өткен Германия-Қазақстан экономикалық форумына қатысты. Іс-шара екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастықтарының жоғары лауазымды өкілдерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді біріктірді. Негізгі назар өнеркәсіп, инфрақұрылым, энергетика және цифрландыру сияқты маңызды стратегиялық салалардағы Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету болашағына аударылды.

Форум барысында Wilo тобы өзара түсіністік туралы Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және Алатау қаласының әкімдігімен меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер одан әрі диалог жүргізуге және стратегиялық маңызы бар салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге негіз қалайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?