Басты бет / Жаңалықтар /
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты, СІМ
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ведомствоның баспасөз қызметі

СІМ соғыс аймағынан оралуға тиіс Қазақстан азаматтарының тізімін Ресейге жібереді

Сыртқы істер министрлігі соғыс аймағындағы Қазақстан азаматтардың өтінішін қарап жатқанын хабарлады. Оларды елге қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Шұғыл желіге қоңыраулар түсіп жатыр. Әрқайсы бойынша ақпарат тексеріліп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін жинақталған тізім Ресей жағына жіберіледі, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі «соғысуға мәжбүрлеп жатыр» деген Қазақстан азаматтарының шағымынан кейін мәлімдеме жасаған еді.

Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өзінен немесе туыстарынан тікелей алу керек. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен келіп үлгерді. Министрлікте соғыс жүрiп жатқан аймақта жүрген Қазақстан азаматтарының туыстарының өтінішті қабылдайтын арнайы жедел желі бар, — делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?