Үкіметтің хабарлауынша, Аралды қалпына келтіру жұмысы күшейді. Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд м³-қа жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд м³-қа жетті
20 жылдан астам уақытта Солтүстік Аралдың аумағы 36% ұлғайып, су көлемі екі есеге жуық артып, 23,4 млрд м³-қа жетті. Ал судың минералдану деңгейі екі есе төмендеді. Аралға Сырдария өзені арқылы жыл сайын кемінде 2 млрд м³ су жіберіледі.
Келесі кезең — Көкарал бөгетін реконструкциялау
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірленген жоба аясында су деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру жоспарланып отыр. Үкімет алдағы бес-алты жыл ішінде Солтүстік Аралдың аумағын 3,9 мың км²-ге дейін, ал су көлемін 34 млрд м³-қа дейін ұлғайту көзделіп отырғанын хабарлады.
Аралдың құрғаған түбіндегі орман мелиорациялық жұмыстардың ауданы 1,1 млн гектарға жетті
Теңіздің құрғаған түбіне 3,4 мың тонна сексеуіл тұқымы мен галофитті өсімдік егілді, 56,2 млн сексеуіл көшеті отырғызылды. Орман мелиорациялық жұмыстардың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетті. Көшет өсіру үшін жылына 3 млн көшет өндіруге қауқарлы, аумағы 33 гектар орман тәлімбағы салынып бітті. й бойынша ғылыми мониторинг жүргізуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және экожүйені сақтауға бағытталған.