Басты бет / Жаңалықтар /
судья, сот отырысы, заң,сотталды, адвокат, сот үкімі, қылмыс, жаза
Фото: Depositphotos.com

СҚО-да ағынды суды ластаған кәсіпорынға 174 миллион теңге айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынға ағынды суды ластағаны үшін 174 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында Петропавлдағы коммуналдық кәсіпорынның экология заңнамасы талаптарын бұзғаны анықталған.

Кейін облыстың экология департаменті прокуратураның талабы негізінде тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәсіпорынның рұқсат құжаттарында қарастырылмаған аумаққа су ағызғаны белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша, кәсіпорынға анықталған заңсыздықты жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік іс қозғалды.

Сот коммуналдық кәсіпорынды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 174 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?