Алматыда қыз бен жігіттің арасындағы жанжал полицияға дейін жетті. Полицияға жүгінген қыз бұрынғы жігіті жеке суреттерін интернетте жариялаймын деп қорқытқанын айтқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Түнде қыз «102» нөміріне хабарласып, бұрынғы жігіті тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізген. Оқиға орнына Алмалы ауданының полиция басқармасының қызметкерлері барған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицияның мәліметінше, жастар арасында жанжал болған. Екі тарап та мән-жайды анықтау үшін Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Қазір оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша полиция тиіс шара қабылдайды.
***
Тағы оқыңыз: