Басты бет / Жаңалықтар /
сот үкімі
Фото: Ya-profi.ru

Астанада клиенттерден 128 миллион теңге алып, алдап кеткен автосалон директоры сотталды

Астанада клиенттерден қомақты сома алып, алдаған автосалон директорына қатысты сот үкімі шықты. Ол Қытайдан көлік әкелемін деп уәде етіп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот материалдары бойынша, автосалон басшысы бір жыл бойы азаматтармен Қытайдан автокөлік сатып алып, жеткізуге арналған брондау шартын жасасқан. Кейін клиенттерден түскен қаражатты өз қажетіне жұмсаған.

Көліктерді жеткізіп жатқанын көрсету үшін ол жәбірленушілерге банк арқылы ақша аударылғаны туралы жалған құжаттар ұсынған.

Алты жәбірленуші алданып, 128 млн теңгеден аса қарызға батқаны белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот шешімімен автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіріп алу туралы талаптары орындалады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?