Шымкент жанкүйерлері Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарынан жүлдемен оралған боксшылар Төрехан және Махмұд Сабырхандарды қарсы алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының чемпионы атанды. Финалда боксшы Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді.
Спортшы үшін бұл жеңістің маңызы ерекше болған. Ол бұған дейін Азия чемпионатында дәл осы қарсыласына есе жіберген. Осыдан кейін Төрехан Азия ойындарында реванш алып, Қазақстанға жеңіс әкелуді мақсат еткен.
Азия чемпионатынан кейін Азия ойындарында бұл жеңілістің есесін қайтарып, Қазақстанға жеңіс әкелуім керек деп шештім. Алтын медаль алып, Шымкенттің ғана емес, бүкіл еліміздің мерейін асырғаныма қуаныштымын, – дейді Төрехан Сабырхан.
Ал Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қола медаль иеленді.
Шымкент жанкүйерлері де спортшыларды ерекше қарсы алып, құрмет көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ағайынды Сабырхандарды өздері білім алып жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің өкілдері де құттықтады. Университет проректоры Ғани Бесбаев спортшылардың жетістігін оқу орны үшін маңызды оқиға деп бағалады.